Ол келіссөздердің тоқтап қалуына және АҚШ-тың бұл процеске араласуына қатысты пікір білдірді
Украина мен Ресей Вашингтонның араағайындығымен бейбіт келіссөз жүргізіп жатқан жоқ - АҚШ мемлекеттік хатшысы
98
оқылды

Украина мен Ресей қазіргі уақытта АҚШ-тың араағайындығымен бейбіт келіссөз жүргізіп жатқан жоқ. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мәлімдеді.

Ол келіссөздердің тоқтап қалуына және АҚШ-тың бұл процеске араласуына қатысты пікір білдірді.

«Біз бұл процеске араластық, өйткені ресейліктермен де, украиндармен де сөйлесе алатын жалғыз тарап болдық. Өкінішке қарай, бұл келіссөздер нәтиже берген жоқ», — деді Рубио.

Мемлекеттік хатшы АҚШ Украинаны белгілі бір ұстанымға мәжбүрлеп жатыр деген әңгімелерді жоққа шығарды. Оның айтуынша, мұндай мәліметтер шындыққа сәйкес келмейтін «жалған ақпарат тарату» болған.

«Егер біз нәтижелі болатын, керісінше жағдайды қиындатпайтын және табысқа жету мүмкіндігі бар келіссөз өткізуге жағдай көретін болсақ, бұл рөлді өз мойнымызға алуға дайынбыз», — деді ол.

Рубио қазіргі уақытта мұндай келіссөздер жүріп жатпағанын айтты. Дегенмен ол келіссөздер қайта жандануы мүмкін деген үмітін жеткізді.

«Бұл соғыс тек келіссөз арқылы реттеу жолымен аяқталуы мүмкін. Ол тараптардың бірінің әскери жеңісімен аяқталмайды, кем дегенде әскери жеңіс деген дәстүрлі түсінік тұрғысынан алғанда», — деді АҚШ мемлекеттік хатшысы.