Күдіктілер іздестіріліп жатыр
Балқаштағы дәмханада атыс болды: даяшы қыз жараланды
116
оқылды

Балқаш қаласындағы дәмханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, соңы атысқа ұласқан. Оқиға салдарынан мекеме қызметкері жарақат алды.

Tengrinews.kz дерегінше, жанжал таныс адамдар арасында басталған. Әуелі сөзге келіспей қалған азаматтар кейін төбелеске ұласқан. Сол кезде травматикалық қару қолданылған.

Оқиға кезінде даяшы қыз оқ жарақатын алған. Оның қазіргі жағдайы туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Қарағанды облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта күдіктілерді ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.