Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі айтты.
Алматылық «Қайраттың» бұрынғы капитаны Сергей Рожков қайтыс болды
156
оқылды

Қайрат футбол клубының бұрынғы шабуылшысы Сергей Рожков 84 жасында өмірден өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі айтты.

Сергей Егорович алматылық клуб сапында 1966–1967, 1970–1973 және 1975–1976 жылдары өнер көрсеткен. Осы уақыт аралығында ол «Қайрат» құрамында 203 матч өткізіп, 25 гол соққан. Сонымен қатар команда капитаны болып, өз дәуірінің үздік футболшыларының бірі атанды.

1971 жылы Сергей Рожков Қайратпен бірге Халықаралық теміржолшылар спорт одағы кубогын жеңіп алған. Ол — КСРО спорт шебері, 1969 жылғы КСРО чемпионы және КСРО кубогының екі дүркін иегері. Сондай-ақ КСРО құрамасы сапында бір матч өткізген.

Қайрат клубы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.