Оқиға 20 мамыр күні «Өнер» қалалық мәдениет орталығының маңында болған.
Екібастұзда бес жасар бала ашық тұрған құдыққа құлап кетті
101
оқылды

Әлеуметтік желілерде тараған видеода баланың ашық құдыққа құлап кеткені және кейін өздігінен сыртқа шыққаны көрінеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Зардап шеккен баланың анасының айтуынша, 2019 жылы туған ұлы тереңдігі екі метрден асатын құдыққа абайсызда түсіп кеткен. Қауіпті аумақта ешқандай қоршау, ескерту белгісі немесе қорғаныс құрылғылары болмаған. Салдарынан бала дене жарақатын алып, қазір медициналық мекемеде ем қабылдап жатыр.

Оқиғаға қатысты Екібастұз полиция басқармасы қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Тергеу барысында құрылыс немесе магистральдық құбырларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталуы тексеріліп жатыр.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары аталған аумақтың күтімі мен қауіпсіздігіне жауапты тұлғаларды анықтап жатыр.