Ақұштап Бақтыгереева әлеуметтік желідегі жазбасында айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабектің Орал қаласындағы кездесуіне қарсылық білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ақын Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында мұндай кездесудің өтуіне наразылық танытып, мекеменің мемлекеттік мәртебесіне қатысты сауал көтерген.
«Бүгін Оралда Қадыр Мырза Әлі орталығы Мұхамеджан Тазабековпен кездесуге шақырады. Қадыр Мырза Әлі орталығы мемлекеттік мекеме еді, жекеменшікке өтіп кеткен жоқ па екен? Рұқсат берген кім?» – деп жазды ол Facebook парақшасында.
Жазбада ақын қоғамдағы діни ағымдар, отбасылық құндылықтар және айтыс төңірегіндегі мәселелерге де пікір білдірген. Оның айтуынша, Батыс өңірдегі діни ахуал алаңдаушылық тудырады.
