Қазіргі уақытта қаза тапқандар мен қираулар туралы ақпарат жоқ
«Бес балға жақын»: Түркияда жер сілкісі тіркелді
152
оқылды

Адана провинциясында 4,9 магнитудалы жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 04:26-да Саимбейли ауданында тіркелген. Жер сілкінісі түнгі уақытта болғандықтан, көптеген тұрғын оны анық сезген.

AFAD мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы 8,6 шақырым тереңдікте орналасқан. Жер дүмпуі көршілес Кахраманмараш, Османие, Кайсери және Нигде провинцияларында да сезілген. Мамандар жер сілкінісінің орташа деңгейдегі дүмпу санатына жататынын айтады.

Қазіргі уақытта қаза тапқандар мен қираулар туралы ақпарат жоқ. AFAD мамандары аймақта жағдайды бағалау жұмыстарын жалғастырып жатқанын хабарлады. Сонымен қатар тұрғындарға ресми ақпарат көздеріне ғана сену туралы ескерту жасалды.