Бұған дейін Трамп Вашингтон мен Тегеран бейбіт келісімнің негізгі тармақтары бойынша ортақ түсінікке жақындағанын айтқан болатын
Дональд Трамп Иранмен келісім жасауға асықпау туралы тапсырма бергенін мәлімдеді
148
оқылды

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен келісім жасауға асықпау туралы тапсырма бергенін мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ-тың Ормуз бұғазындағы ирандық кемелерге қатысты шектеулері келісім толық бекітіліп, қол қойылғанға дейін күшінде қалады. Трамп келіссөздердің жалғасып жатқанын да атап өтті.

Бұған дейін Трамп Вашингтон мен Тегеран бейбіт келісімнің негізгі тармақтары бойынша ортақ түсінікке жақындағанын айтқан болатын. Әңгіме әлемдік мұнай мен сұйытылған газ тасымалының маңызды бөлігі өтетін Ормуз бұғазын қайта ашу туралы болып отыр. Алайда тараптар Иранның ядролық бағдарламасы, санкцияларды алып тастау және мұнай кірістерін бұғаттан шығару мәселелері бойынша әлі де келісе алмай отыр.

Ирандық Tasnim агенттігі кейбір негізгі мәселелер бойынша келіспеушіліктер сақталып отырғанын хабарлады. Сонымен қатар Иран тарапы Ормуз бұғазын бақылау құқығынан бас тартпайтынын мәлімдеді. Сарапшылардың пікірінше, ықтимал келісім әлемдік энергетикалық нарықтағы қысымды азайтуы мүмкін, бірақ мұнай тасымалының толық қалпына келуі ұзақ уақыт алуы ықтимал.