Англия Премьер-лигасы маусымы аяқталды. Чемпиондықты Арсенал 22 жылдан кейін алғаш рет жеңіп алды. Ал Манчестер Сити екінші орынмен шектеліп, Пеп Гвардиола қатарынан екі маусым чемпионсыз қалды.
Манчестер Юнайтед тізгінін маусым ортасында алған Майкл Кэррик клубты алтыншы орыннан чемпиондар лигасына шығарды. Команда маусымды үздік үштікте аяқтап, маманмен 2028 жылға дейін жаңа келісімшарт жасалды.
Астон Вилла Унаи Эмери басқаруымен тағы да үздік төрттікке енді және Еуропа лигасын жеңіп алды. Ал шабуылшы Олли Уоткинс қатарынан алтыншы маусым клубтың үздік сұрмергені атанды.
Ливерпуль жаңа бапкер Арне Слот келсе де чемпиондықты қорғай алмады. Сонымен қатар клубтан Мохамед Салах пен Эндрю Робертсон кететіні айтылды.
Челси маусымды 10-орында аяқтады. Дегенмен клубқа Хаби Алонсо келіп, жаңа жоба басталмақ. Сондай-ақ қазақстандық жас ойыншы Дастан Сәтпаев келесі маусымда команда өтініміне енуі мүмкін деген ақпарат тарады.
Маусым қорытындысы бойынша Вест Хэм, Бернли және Вулверхэмптон Чемпионшипке түсіп қалды. Ал АПЛ-ге Ковентри Сити, Ипсвич Таун және Халл Сити көтерілді.
Маусымның үздік сұрмергені Эрлинг Холанд атанды. Манчестер Сити шабуылшысы 27 гол соқты.
