Ауылға көрік беріп тұрған мұнараның биіктігі шамамен – 30 метр.
Батыс Қазақстан облысында мектеп түлектері ауылға "Эйфель" мұнарасын орнатты
103
оқылды

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданына қарасты Жалпақтал ауылында "Эйфель" мұнарасының көшірмесі ашылды. Оған түлектер "Ынтымақ" деген атау берді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мұнара – 2006 жылғы мектеп түлектерінің туған жерге жасаған ерекше тартуы. Биіктігі шамамен – 30 метр.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Жалпақталда түлектердің туған ауылына тарту жасау дәстүрі бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Осы уақытқа дейін ауылда түлектердің қолдауымен саябақтар, спорт және балалар алаңдары, субұрқақтар, ескерткіштер мен түрлі сәулеттік нысандар бой көтерген. Ал жаңа “Ынтымақ” мұнарасы – сол игі дәстүрдің жалғасы. Ауыл тұрғындары бұл бастаманы туған жерге деген құрмет пен бірліктің символы деп бағалап отыр. 

Айта кетейік, желіде тараған ақпараттарға сәйкес, оны дайындауға 9 ай уақыт, 25 тонна металл және 200 литр бояу жұмсалған. Конструкцияның жалпы құны – 23 миллион теңге.