Сәбидің анасын анықтауға қатысты жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Ақтөбеде жаңа туған сәби қоқыс жәшігінен табылды
1,775
оқылды

Ақтөбеде жаңа туған нәресте қоқыс жәшігінен табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиға 23 мамыр күні болған.

« 23 мамыр күні Ақтөбе қаласында ішінде жаңа туған сәби болған пакет табылды. Нәресте полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында дер кезінде медициналық мекемеге жеткізілді», – делінген полиция хабарламасында.

Қазір нәресте дәрігерлердің бақылауында. 

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері сәбидің анасын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.