Денсаулық сақтау министрлігінің конкурстық комиссиясы 17 аталым бойынша жеңімпаздарды анықтап жатыр.
Үздік дәрігерлер мен мейіргерлерге 2 миллион теңгеден сыйақы беріледі
103
оқылды

Медицина қызметкері күні қарсаңында Денсаулық сақтау министрлігі медицина және фармацевтика қызметкерлерінің арасында өтетін «Өз кәсібінің үздігі  2026» республикалық конкурсының жеңімпаздарын анықтайды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазір республикалық кезең өткізіліп жатыр, оның шеңберінде өңірлік кезең жеңімпаздарының арасынан Денсаулық сақтау министрлігінің конкурстық комиссиясы 17 аталым бойынша жеңімпаздарды анықтап, оларға 500 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы тағайындайды,  делінген хабарламада.

Әртүрлі бейіндегі және қызмет салаларындағы медицина қызметкерлері келесі аталымдар бойынша марапатталады: «Үздік стационар дәрігері», «Үздік жедел көмек дәрігері», «Үздік медициналық-санитариялық алғашқы көмек дәрігері», «Үздік ауыл дәрігері», «Денсаулық сақтау саласындағы үздік әлеуметтік қызметкер», «Үздік акушер», «Үздік стационар мейіргері», «Үздік медициналық-санитариялық алғашқы көмек мейіргері», «Үздік ауыл мейіргері», «Үздік фельдшер», «Үздік медициналық ЖОО оқытушысы», «Үздік медициналық колледж оқытушысы», «Денсаулық сақтау саласындағы үздік ғалым», «Үздік денсаулық сақтау менеджері», «Үздік санитариялық-эпидемиологиялық сараптама маманы», «Үздік провизор».

Конкурс медицина мамандықтарының беделін арттыру, мамандарды ынталандыру және денсаулық сақтау саласындағы үздік практикаларды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған.