Астанада жолаушының көлік терезесінен аяғын шығарып отырғаны үшін жүргізушіге айыппұл салынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әлеуметтік желілерде жолаушының автокөлік терезесінен аяғын шығарып отырған видеосы кеңінен таралды.
Астана қалалық Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, материалдарды зерттегеннен кейін жүргізушіге қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес шара қолданылғанын хабарлады.
Toyota маркалы автокөліктің жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, онымен профилактикалық әңгімелесу жүргізілді, – деп атап өтті полициядан.
