Бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
1 мамырдан бастап жылу мен ыстық су тарифі өзгерді
www.istockphoto.com
89
оқылды

Алматы қаласы бойынша ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаменті басшысының 2026 жылғы 22 сәуірдегі бұйрығымен "Алматы жылу желілері" ЖШС-нің жылу энергиясын жеткізу, тарату және жабдықтау қызметтеріне арналған тарифтеріне өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

2026 жылғы 1 мамырдан бастап тұтынушылар санатына байланысты жылу энергиясын жеткізу қызметі бойынша сараланған тарифтер көтерілді. Бұл өзгеріс жылу есептегіш құралдарының бар-жоғына қарай анықталады.

Халық үшін тарифтер:

1 Гкал үшін тариф 7503,35 теңгеден 7878,51 теңгеге (ҚҚС-сыз) өсті;

жалпыүйлік есептегіші жоқ тұтынушылар үшін – 9004,01 теңгеден 9454,21 теңгеге (ҚҚС-сыз) көтерілді;

жалпыүйлік есептегіші бар тұтынушылар үшін тариф 7364,88 теңгеден 7733,12 теңгеге өзгерді.

Сонымен қатар ыстық сумен жабдықтау тарифтері де қайта қаралды.

Ыстық су және жылу төлемдері:

есептегіш жоқ көпқабатты үйлерде (75 м дейін), орталықтандырылған жылу және ыстық су жүйесі бар үйлер үшін – бір адамға 2031,47 теңге (ҚҚС-сыз);

жеке есептегіш орнатылған жағдайда ыстық су тарифі – 1 м³ үшін 588,81 теңге.

Сондай-ақ тозығы жеткен, апатты жағдайдағы немесе барак типтес үйлерде тұратын, есептегіш орнату мүмкіндігі жоқ тұтынушылар үшін арнайы тарифтер бекітілді.