Әйгілі актер Асанәлі Әшімовтің жұбайы Бағдат Әшімова әлеуметтік желідегі парақшасында актердің күнделік кітабы туралы жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Айтуынша, актер өзін не толғандыратынын, өмірлік ұстанымын күнделікке жазған.
"Асанәлі Әшімұлымен сырласқыңыз келсе, оның жүрегін не толғандырғанын, өмір мен өнер туралы ойларын білгіңіз келсе, күнделік кітабын оқыңыздар. Бұл кітаптан сіз тек актердің ғана емес, тұтас бір дәуірдің тынысын, өнер адамының ішкі әлемін, өмірлік ұстанымдарын таба аласыздар", – деп жазды Бағдат Әшімова.
Бағдат Әшімова кітапты онлайн дүкен арқылы сатып алуға болатынын атап өтті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
