Депутаттар 28 мамырға жоспарланған палата отырысының күн тәртібін қарады.
Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Сенат бюросының отырысы өтті
143
оқылды

Бюро мүшелері палатаның алдағы отырысында «Қа­зақстан Республикасының Үкіметі мен Оман Сұл­тандығының Үкіметі арасындағы табыс пен ка­пи­талға салынатын салықтарға қатысты қосар­ланған салық салуды болдырмау және салық са­лудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР заңын қарау туралы қаулы қабылдады. Құжаттың не­гізгі мақсаты – елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту және кеңейту, сондай-ақ инвестиция үшін қолайлы жағдай қалыптастыру. Атап айтқанда, екі елдің резиденті заңды және жеке тұлғалардың табысына қосарланған салық салуды болдырмау көзделген.

«Еуразиялық экономикалық одақ пен үшінші та­раптың (үшінші тараптардың) кедендік тран­зитінің бірыңғай жүйесі туралы келісімді рати­фикациялау туралы» заң Қазақстан аумағы арқылы жүк ағынын ұлғайтуға, көлік бағыттарын дамытуға және еліміздің транзиттік хаб ретіндегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ палата отырысының күн тәртібіне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, білім беру, денсаулық сақтау және баланың құқықтарын қорғау мәсе­лелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар ен­гізу туралы» заң және басқа да заңдар шығарылды.

Отырыс барысында депутаттар бұған дейін Мә­жіліс қабылдаған заңдарды тұрақты комитеттер ара­сында бөліп берді.