Нұртас Айдарбеков Қайрат Нұртастың концертіне халық көп жиналатынын атап өтті.
«Беретін кез келген шығар...»: Қайрат Нұртастың әкесі әншінің атақ алмауына қатысты пікір білдірді (видео)
152
оқылды

Әнші Қайрат Нұртастың әкесі әншінің атақ алмауына қатысты пікір білдірді, – деп жазды Aikyn.kz.  

Нұртас Айдарбеков Қайрат Нұртастың концертіне халық көп жиналатынын атап өтті. Оның қаншама концерт өткізгеніне, халықтың ықыласына қарап, атақ алатын кезі келгенін жоққа шығармады.

Дегенмен әр нәрсенің өз уақыты болады. 

«Гүлекең екеуіміз «Балама мынадай бер» деп ешкімге айтқан емеспіз. Бірақ Қайрат Нұртастың өнерге келгелі Қазақстандағы концертін санасақ, бес жүзден асып кетіпті. Ауылдарды, аудандарды да аралап шығады, жылына бір рет. Соған қарасақ, берілетін уақыты келді. Қайрат телефонға жарнама берсе болды, концертіне адам толады. Ол жағынан уайым жоқ. Стадионға концерт өткізіп жүр. Республика сарайында өткізсе, адам сыймайды. Екі-үш күн өткізу керек болады. Осыған қарасақ, беру керек шығар. «Халық әртісін» алу үшін міндетті түрде қырық жыл жүру керек пе? Мүмкін, Үкіметке әні ұнамайтын шығар, қайдан білейін. Бірақ «Балама атақ бермеді» деп, ешкімге өкпелемеймін. Халық беріп қойған. Аман болсын, өмір берсін», - дейді Нұртас Айдарбеков журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.