Көлік министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың жазында 15 қосымша теміржол маршруты ашылып, пойыздар 16 маусымнан бастап қатынайды.
Жазғы демалысқа орай жаңа пойыздар мен рейстер ашылады
128
оқылды

Қазақстанда жазғы демалыс кезеңінде жолаушылар тасымалын арттыру үшін қосымша пойыздар мен әуе рейстері іске қосылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Көлік министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың жазында 15 қосымша теміржол маршруты ашылып, пойыздар 16 маусымнан бастап қатынайды. Қосымша бағыттар Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар және өзге де қалалардан Балқаш пен Достық сияқты туристік аймақтарға жол жүруге мүмкіндік береді.

Жазғы маусымда шамамен 550 мың қосымша орын қолжетімді болмақ. Сонымен қатар пойыз құрамдары 19-21 вагонға дейін ұлғайтылады.

Сондай-ақ маусым-тамыз айларында Астана мен Алматыдан Балқаш, Үржар және Үшарал бағыттарына аптасына 7-ге дейін қосымша әуе рейсі ашылады. Билет бағасы 16-20 мың теңге аралығында болады.

Министрлік бұл шаралар ішкі туризмді дамытуға және азаматтардың жайлы сапар жасауына мүмкіндік беретінін атап өтті.