Енді жеткіліктілік шегі азаматтың жасына қарай емес, оның өмір бойғы табысы, болашақтағы шығындары, өмір сүру ұзақтығы және зейнетақы активтерінің болжамды кірістілігі негізінде есептеледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жаңа жүйеге сәйкес арнайы ортақ коэффициент енгізілмек. Яғни зейнет жасына жеткенде азаматқа қажет болатын ең төменгі сома алдын ала есептеліп, одан артылған қаражат қана «жеткілікті шек» ретінде қарастырылады.
Мамандардың айтуынша, бұл өзгеріс зейнетақы қорындағы артық соманы шешіп алу мүмкіндігін едәуір қиындатуы мүмкін. Жаңа тәсілдің толық тетігі 10 маусымда жарияланады.
Бұған дейін жеткіліктілік шегі негізінен инфляция деңгейіне сүйеніп есептелсе, енді бірнеше экономикалық коэффициент қатар ескеріледі. Соның салдарынан шектік сома өсіп, қаражатты мерзімінен бұрын пайдалану қолжетімділігі төмендеуі ықтимал.
