Абырой болғанда, оқиғадан ешкім ауыр жарақат алған жоқ.
Ақмола облысында әйел адам дүкенде шу шығарып, пышақпен қорқытқан
157
оқылды

Степногорск қаласындағы сауда орталықтарының бірінде әйел адам сатушыға пышақпен қоқан-лоқы көрсетіп, жанжал шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бейнебақылау камераларындағы кадрларда әйелдің дүкенге кіріп, сөмкесінен пышақ алып шыққаны көрінеді. Кейін ол пышақты оңды-солды сермеп, дүкен қызметкеріне айғайлай бастаған. Қорқып кеткен сатушы аман қалу үшін касса маңындағы сөреге мініп алған.

Оқиға кезінде куәгерлер күзет қызметін шақырған. Ал дүкенге келген әйелдердің бірі агрессивті әрекет көрсеткен тұрғынды сабырға шақыруға тырысқан. Абырой болғанда, оқиғадан ешкім ауыр жарақат алған жоқ.

Ақмола облысының полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті анықталып, медициналық мекемеге орналастырылған.

Қазір оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.