Енді сот отырысында бәрі белгілі бола түспек.
Әл-Фарабидағы өліммен аяқталған апат: полиция қызметкерінің ісі сотқа жолданады
Фото: t.me/prokadrykz
116
оқылды

Алматы қаласындағы Әл-Фараби даңғылында болған адам өліміне әкелген жол апатына байланысты қозғалған қылмыстық істер бойынша тергеу аяқталуға жақын, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мәліметінше, Алматы полиция департаменті басшыларының бірінің жүргізушісі болған полиция қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталған. Ол Қылмыстық кодекстің 370-бабы 4-бөлігі 1-тармағы бойынша күдікке ілінген. Тергеу нұсқасына сәйкес, қызметкердің әрекетсіздігі жол-көлік оқиғасына және адам өліміне себеп болған.

Қазір қылмыстық іс материалдары қаралып жатыр.

Сонымен қатар ІІМ-нің Өзіндік қауіпсіздік департаменті тыйым салынған сериядағы мемлекеттік нөмірді заңсыз беру дерегі бойынша да тергеу жүргізуде. Бұл іс Қылмыстық кодекстің 362-бабы 1-бөлігі бойынша қарастырылып жатыр.

Ведомство өкілдері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін хабарлады.