Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Шығыс Қазақстан облысында жол үстінде жүк көлігі аударылды
137
оқылды

Шығыс Қазақстан облысында Өскемен-Алтай-Рахман қайнары тас жолында цемент таситын жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды Aikyn.kz

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кеше болған.

"Кабинада қысылып қалған 1987 жылғы жүргізушіні оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері сол маңдағы адамдармен бірлесіп шығарып алды. ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны қаладағы медициналық мекемеге жеткізді", - деп хабарлады. 

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласуға кеңес беріледі.