Әншінің айтуынша, анасынан ерте айырылып, қиындық көріп өскен.
«Өте кедей болдым, жәрдемақыға өмір сүрдім...»: Айдана Меденова жан сырын ақтарды (видео)
Фото: instagram.com/aidanamedenova_officialpage
123
оқылды

Өнерге қайта оралған әнші Айдана Меденова отбасы туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.  

Әншінің айтуынша, анасынан ерте айырылып, қиындық көріп өскен. Өнер иесі жастайынан жоқшылықтың тауқыметін тартқанын жасырмады.

«Өте кедей студент болдым. Он бір мың ғана жәрдемақым болды. Анам жоқ болған соң жәрдемақы алдым. Сол он бір мыңға бір ай өмір сүретінмін. Киім, тамақ жоқ. Бірақ іште мотивация бар. Тәтемнің үйінде екі жыл тұрдым. Сонда қатты ыңғайсызданатынмын. Ыңғайсызданғаннан үйді күнде жинай беретінмін. Тамақ алатын ақшам жоқ, ештеңе беріп жатпағаннан кейін бір көмегім осы болу керек деп ойлайтынмын», - деп еске алды әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.