Күйеу баласының қолынан көз жұмған Қарабалиндердің туысы Асила Мұқанғалиеваның айтуынша, марқұм болған Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиевада Сұлтанның бес баласын тартып аламыз деген ой болмаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
«Ол кісілер өте қарапайым болды. Ақбаянның отбасын үнемі қолдап жүрді. Ақбаян ауырған кезде де Наурыз Сұлтанмен бірге жүріп, барынша емдетуге тырысты. Ақбаян ажырасып, кейін қайта қосылғанда да Сұлтанмен отбасы болып кетуіне қарсы болмады. Және 5 баланы да ауылға әкеліп таста, осымен әңгіме жабылсын» деп, Сұлтанға аға-жеңгемнің талап қойғанына сенбеймін. Бұл бос әңгіме», – деді марқұм болған Қарабалиндердің туысы Асила Мұқанғалиева.
Еске сала кетелік, бүгін Атырауда бір отбасының 4 адамын өлтірді деген күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты соттың екінші отырысы өтіп жатыр.
Баян Жанұзақова
