Қайғылы оқиға салдарынан көз жұмған Глебтің анасы ұлы туралы естелігімен бөлісіп, жұртшылыққа үндеу жасады.
Астанада жол апатынан қаза тапқан баланың анасы елге үндеу жасады
116
оқылды

Астанада 26 мамыр күні Тәуелсіздік даңғылы мен А.Пушкин көшесінің қиылысында болған жантүршігерлік жол апатынан кейін қаза тапқан баланың анасы әлеуметтік желіде жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қайғылы оқиға салдарынан көз жұмған Глебтің анасы ұлы туралы естелігімен бөлісіп, жұртшылыққа үндеу жасады.

“Қайғымыз бен ауыр қасіретімізге ортақтасқан баршаңызға рақмет. Біз ұлымыз Глебтен айырылып қалдық. Ол өте белсенді, өмірсүйгіш, қимылы шапшаң, тынымсыз бала еді. Өмірді жақсы көрді, бәріне үлгеруге асығатын.

Бұл жағдай үшін өзімізді де, жүргізушіні де, велосипедті де, аңғалдығымызды да кінәлауға болады... Бірақ енді оның бәрі бекер. Жүк көлігінің жүргізушісі кінәлі емес. Өткенді кері қайтара алмаймыз...

Балалар асығады, абай боламыз деп уәде береді, бірақ айналадағы қауіпті толық түсіне бермейді. Ең қиыны – балаңды құшақтап, оны қаншалықты жақсы көретініңді айта алмайтыныңды түсіну. Ешкімді кінәламаңыздаршы”, – деп жазды әйел.