Павлодар қаласында жағажай футболынан Қазақстан Суперкубогының матчтары өтті, – деп жазды Aikyn.kz.
Екі кездесуден тұрған тартысты бәсекенің қорытындысымен Жетісу облысының «Малайсары» ұжымы павлодарлық «Арман» командасынан басым түсті.
Футбол федерациясы мәліметінше, алғашқы матчта «Малайсары» қарсыласын 3:5 есебімен, екінші кездесуде 5:4 есебімен жеңді.
«Малайсары» командасының шабуылшысы Мехди Ширмохаммади Суперкубок матчтарының үздік ойыншысы атанды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
