Қазақстан төлқұжаты халықаралық рейтингте тағы да жоғарылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Henley Passport Index-тің 2026 жылға арналған мәліметі бойынша, Қазақстан әлемдегі ең ықпалды төлқұжат тізімінде 57-орынға тұрақтады. Қазір Қазақстан азаматы әлемнің 78 еліне визасыз немесе жеңіл тәртіптегі режимде бара алады.
Қазақстан төлқұжатының дәрежесі соңғы бірнеше жылда жақсарып келеді. Мәселен, 2025 жылы 61-орынға жайғасқан. Биыл Қазақстан тағы бірнеше саты жоғарылап, 57-орыннан көрінді. Қазақстан төлқұжаты екі жарым жылда 13 орынға көтерілді.
Қазақстан азаматы визасыз 30 күнге дейін бара алатын елдер:
Қытайдың құрлық бөлігіне және Хайнан аралы
Малайзия;
Малдив аралы;
Біріккен Араб Әмірлігі;
Бразилия;
Вьетнам;
Қатар;
Марокко;
Никарагуа;
Оман;
Сербия;
Филиппин;
Эквадор;
Кук аралдары.
Ал кей мемлекетте визасыз мерзім қысқа:
Иран — 14 күн;
Хоңкоң — 14 күн;
Макао — 14 күн;
Барбадос — 28 күн;
Аргентина — 30 күн.
Туниске 90 күнге дейін визасыз баруға болады. Өзбекстанда 30 күннен көп болсаңыз, міндетті түрде тіркеуден өту қажет. Оңтүстік Кореяға 30 күнге дейін визасыз кіруге рұқсат етілгенімен, сапар алдында K-ETA электронды рұқсат қағазын рәсімдеу талап етіледі. Кей мемлекет еліміздің азаматына 60 күннен артық мерзімге визасыз жүруге мүмкіндік береді.
Әзербайжан — визасыз, бірақ 30 күннен кейін тіркелу қажет;
Грузия — 1 жылға дейін;
Қырғызстан — визасыз, 30 күннен соң тіркелу міндетті;
Таиланд — 60 күнге дейін, TDAC миграция картасын толтыру қажет;
Түркия — 90 күнге дейін.
Қазақстан азаматы мына мемлекеттерге жеңілдеген тәртіппен, яғни алдын ала тіркеусіз немесе әуежайда тіркеліп бара алады:
Албания — 90 күнге дейін;
Армения — 90 күнге дейін;
Беларусь — 30 күнге дейін тіркеусіз;
Доминикан Республикасы — 60 күнге дейін;
Замбия — 90 күнге дейін, ақылы электронды рұқсат қажет;
Индонезия — 30 күнге дейін, виза әуежайда рәсімделеді;
Колумбия — 90 күнге дейін;
Маврикий — 60 күнге дейін, құжат әуежайда рәсімделеді;
Молдова — 90 күнге дейін;
Моңғолия — 90 күнге дейін;
Намибия — 90 күнге дейін, рәсімдеу әуежайда жүреді;
Ресей — 90 күнге дейін, 30 күннен кейін тіркелу керек;
Сейшел аралдары — 30 күнге дейін;
Сент-Китс және Невис — 90 күнге дейін;
Сент-Винсент және Гренадиндер — 90 күнге дейін;
Тәжікстан — визасыз, бірақ 30 күннен кейін тіркелу қажет;
Украина — 90 күнге дейін;
Черногория — 30 күнге дейін, тек туризм маусымында.
