Қазақстандағы темекі нарығының шамамен 9-10 пайызы заңсыз өнімнен тұрады. Бұл – сатылымдағы әр оныншы қорап көлеңкелі айналымнан шыққан деген сөз.
"Құрамына хлор қосылған": Алматы базарларында контрабандалық темекінің сатылатыны анықталды
239
оқылды

Алматы базарларында сатылатын арзан темекілердің құрамынан хлор мөлшерінің шамадан тыс жоғары екені анықталды. Сонымен қатар кей өнімдердегі никотин деңгейі де рұқсат етілген шекті мөлшерден асып кеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Мамандар жүргізген зерттеу нәтижесінде контрабандалық жолмен келген шылым өнімдерінің қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтіні белгілі болды.

Олардың мәліметінше, хлор мөлшерінің жоғары болуы темекі жанған кезде бөлінетін улы заттардың әсерін күшейтеді. Ал сапасыз сүзгілер тыныс алу жүйесіне түсетін зиянды арттыруы мүмкін. Кей деректер бойынша, заңсыз темекі өнімдері Қазақстанға негізінен Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей және Қырғызстан арқылы жеткізіледі.

Мұндай темекілердің бағасы дүкендерде сатылатын ресми өнімдерге қарағанда әлдеқайда арзан. Алайда олардың қайда және қандай жағдайда өндірілгені белгісіз.

Мамандардың айтуынша, хлор мөлшерінің жоғары болуы темекі жанған кезде бөлінетін улы заттардың әсерін күшейтеді. Ал сапасыз сүзгілер тыныс алу жүйесіне түсетін зиянды арттыруы мүмкін. Кей деректер бойынша, заңсыз темекі өнімдері Қазақстанға негізінен Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей және Қырғызстан арқылы жеткізіледі.

"Денсаулық" ұлттық қауымдастығы кеңесінің мүшесі Ержігіт Рыссымбетов контрабандалық темекінің өндірістік құны шамамен 120 теңге екенін айтты. Ал нарықта мұндай өнімдер 450-500 теңгеге сатылады. Бағаның төмен болуы көбіне сападан үнемдеумен байланысты. Бұл тұтынушы денсаулығына үлкен қауіп төндіреді, – деді маман.