Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.
Көкшетауда жасөспірім бала пышақ жарақатымен ауруханаға түсті
www.istockphoto.com
281
оқылды

27 мамыр күні кешке облыс орталығы Көкшетау қаласында жасөспірім  көкірек тұсынан ауыр пышақ жарақатын алып ауруханаға түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. 

Қан кету белгілерімен жеткізілген бозбала Ақмола облыстық балалар ауруханасы хирургия бөліміне жатқызылған. Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі уақытта оның жағдайы біршама тұрақтандырылған.

Медициналық қорытындыға сәйкес, жасөспірімге «Кеуде қуысының кесіп-шаншылған жарақаты» диагнозы қойылған.

Оқиғаның нақты қай жерде және қандай жағдайда болғаны әзірге белгісіз. Алдын ала болжамдардың біріне сәйкес, жасөспірім таныстарымен арадағы жанжал кезінде жарақат алуы мүмкін.

 – Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр, – деді Ақмола облысы Полиция департаментінен.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы