Науқас балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген.
"Жағдайы ауыр": Ақмола облысында кене шаққаннан кейін жасөспірім ауруханаға түскен
176
оқылды

Ақмола облысында кене шаққаннан кейін 17 жастағы студент ауыр халде ауруханаға түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Дәрігерлердің айтуынша, жасөспірімнің қазіргі жағдайы ауыр. 

«17 жастағы науқасқа кене вирустық энцефалиті диагнозы қойылған. Жансақтау бөлімінде жатыр.  Қазір науқастың жағдайы ауыр. Оны аман алып қалуға барымызды салып жатырмыз», – деп хабарлады Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Желіде тараған ақпарат бойынша, жасөспірімді кене 16 мамыр күні шаққан. Алайда оның отбасы ұзақ уақыт бойы медициналық көмекке жүгінбеген. Салдарынан ауру асқынып, науқас балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген.