«1001 түн» студиясында ағайынды боксшылар Махмұд Сабырхан мен Төрехан Сабырхан қонақта болды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Төрехан Сабырхан шаршы алаңдағы ерекше бокстасу стилі туралы айтты. Ол көрерменге шоу көрсеткісі келетінін жасырмады.
«Бапкеріммен бірге боксшы Флойд Мейвезердің өнерін жиі зерттейтінбіз. Менікі соған келеді негізі. Ол шаршы алаңда өзін өзін өте еркін, үйінде жүргендей сезінеді. Америкалықтар оны жақсы көреді. Сол секілді мен де шаршы алаңда еркін қимылдап, шоу көрсеткім келеді. Егер солай өнер көрсетсем, қазақ жанкүйерлерінің ықыласына бөленемін деп ойладым. Шынында да солай болды. Жас боксшылардан сүйікті спортшысын сұрағанда көпшілігі менің атымды атайды. Мұны естігенде қуанып қаламын», - дейді боксшы.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
