30 мамыр күні Астанада CDI 1-3 FEI Dressage** халықаралық турнирі аясында Intermediate I бағдарламасы бойынша жарыс өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қатысушылар атпен мәнерлеп жүрудің техникалық тұрғыдан күрделі бағдарламаларының бірін орындады. Бұл сында элементтердің дәлдігі, ырғақтың тұрақтылығы, тізгінді жұмсақ басқару және атпен үйлесімді қимылдау ерекше бағаланды. Манеждегі әр қозғалыс спортшыдан жинақылықты, сабырды және атпен толық түсіністікті талап етті.

Бұл жарыс FEI Dressage халықаралық турнирі бағдарламасының маңызды бөліктерінің бірі болып, қатысушылардың жоғары дайындығын, выездканың әсемдігі мен ішкі тәртібін айқын көрсетті.
Жарыс нәтижесі:
1-орын – Алина ШЕВЦОВА (NOCITO DE MUZE) – 69.824%
2-орын – Дарья ПОПОВА (GRAVER) – 63.559%
3-орын – Екатерина КАРКАВЦЕВА (SANGRIA) – 60.618%

Айта кетейік, қазақстандық спортшы Дарья ПОПОВА GRAVER атты серігімен 63.559% нәтижеге қол жеткізіп, 2-орын иеленді.
