Телефон алаяқтарының сөзіне сенген ер адам есепшотынан 4 млн теңге шешіп алып, қаражатты аудармақ болған.
Павлодарда полиция зейнеткердің 4 миллион теңгесін сақтап қалды
145
оқылды

Егде жастағы азаматқа алаяқтар хабарласып, өзін “медициналық мекеме” мен “қауіпсіздік қызметінің” өкілі ретінде таныстырған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Телефон алаяқтарының сөзіне сенген ер адам есепшотынан 4 млн теңге шешіп алып, қаражатты аудармақ болған.

Жағдайды ІІМ Оқу орталығының қызметкері байқап, дереу полиция қызметкерлерін шақырған. Нәтижесінде зейнеткердің ақшасын алаяқтарға аудару әрекетінің алдын алу мүмкін болды.