Францияның Paris Saint-Germain клубы Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Финалда ағылшынның Arsenal F.C. командасымен кездескен париждік клуб негізгі уақытта 1:1 есебімен тең түсіп, пенальти сериясында 4:3 есебімен басым түсті.
Кездесудің 6-минутында Кай Хаверц есеп ашып, «Арсеналды» алға шығарды. Алайда матчтың 65-минутында Усман Дембеле пенальтиден гол соғып, таразы басын теңестірді.
Осылайша Чемпиондар лигасының финалында 2016 жылдан бері алғаш рет жеңімпаз пенальти сериясында анықталды
