Кадрларда қыз баланың құрдасына күш көрсеткені байқалады.
Атырауда жасөспірім қыздар арасындағы төбелес видеоға түсіп қалды
121
оқылды

Әлеуметтік желіде Атырауда болған жасөспірімдер арасындағы жанжалдың видеосы тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Кадрларда қыз баланың құрдасына күш көрсеткені байқалады.

Желіде жарияланған мәліметке сәйкес, оқиғаға қатысушылардың бірі қаладағы кешкі мектепте, енді бірі колледжде білім алады. Оқиға куәгерлері болған жайтты ұялы телефонға түсіріп алған.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл жағдай биылғы 13 сәуірде тіркелген. Оқиғаға қатысы бар барлық тұлға полиция басқармасына жеткізіліп, төрт күдікті жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ құқық бұзушылыққа қатысы бар жасөспірімдердің барлығы профилактикалық есепке қойылды. Ал 16 жастағы жасөспірімге қатысты жиналған материалдар шешім қабылдау үшін кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға жолданған.

Полиция өкілдері кез келген құқық бұзушылық әрекеті заң аясында жауапкершілікке әкелетінін еске салды.