Көлікте Ұлыбританияның екі азаматы және 12 жастағы бала болған.
Маңғыстауда британдық туристер мінген көлік сорға батып қалды
151
оқылды

Маңғыстау облысындағы Тұзбайыр шатқалында шетелдік туристер мінген автокөлік сорға батып қалып, құтқарушылардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

112 қызметіне түскен хабарлама бойынша оқиға Маңғыстау ауданы аумағында болған. Көлікте Ұлыбританияның екі азаматы және 12 жастағы бала болған.

Жер бедерінің күрделілігі мен батпақты топырақ құтқару жұмыстарын қиындатқан. Соның салдарынан автокөлікті шығару операциясы бір тәуліктен астам уақытқа созылды.

Құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен көлікті сордан шығарып, қауіпсіз жерге жеткізді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Туристерге медициналық көмек қажет болмаған.