Компания өкілдерінің хабарлауынша, жойылған сәлемдемелер бойынша клиенттерге өтемақы төленеді
Ресей әскері Днепрге соққы жасап, пошта бөлімшесі толықтай қирады
154
оқылды

Ресейдің шабуылдаушы дроны Днепр қаласындағы пошта компаниясының №1 бөлімшесіне соққы жасап, ғимарат толықтай өртеніп кетті. Компания мәліметінше, бөлімше қызметкерлері зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта шабуыл салдарын бағалау жұмыстары жалғасуда.

Компания өкілдерінің хабарлауынша, жойылған сәлемдемелер бойынша клиенттерге өтемақы төленеді. Компания резервтік логистикалық жүйелерді іске қосып, жеткізу бағыттарын қайта ұйымдастырған. Сондықтан жөнелтілімдерді жеткізуде айтарлықтай кідірістер күтілмейді.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің Днепрге жасаған шабуылының салдарын жою жұмыстары жалғасып жатқанын айтты. Оның сөзінше, дрон соққысынан пошта терминал қоймасы мен бірнеше көлік өртенген. Зеленский Украина қорғанысын қолдауды күшейтіп, Ресейге қарсы саяси және экономикалық қысымды жалғастыру қажет екенін мәлімдеді.