Шешуші кездесуде үндістандықтан басым түсті
Қазақстандық садақшы Словенияда өткен халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды
115
оқылды

Қазақстандық садақшы Ильфат Абдуллин Словенияның Камник қаласында өтіп жатқан Veronica’s Cup халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды.

Ұлттық Олимпидалық комитеттің мәліметінше, ол классикалық садақ атудан жекелей сында финалға дейін жетті.

Шешуші кездесуде Абдуллин үндістандық Сачин Гуптаны 6:4 есебімен жеңіп, жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы блоктық садақ атудан әйелдер арасындағы командалық сайыста қола медаль иеленді.

Бұл сында ел намысын Адель Жексенбинова, Роксана Юнусова және Виктория Лян қорғады.