Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбалардан көліктің толықтай отқа оранғанын көруге болады
Астанада жол үстінде көлік өртенді: зардап шеккендер бар
Threads әлеуметтік желісінен
179
оқылды

Астанада Аманжолов көшесінің бойында жеңіл автокөлік өртенді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Көлік ішінде бір отбасы болған. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың барлығы әртүрлі дәрежедегі күйік алған.

Өрт салдарынан тек өртенген көлік қана емес, оның артында келе жатқан тағы бір автокөлік те зақымданған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбалардан көліктің толықтай отқа оранғанын көруге болады.

Желі қолданушыларының жазуынша, көлік газбен жүрген болуы мүмкін. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ. Оқиғаға қатысты Төтенше жағдайлар министрлігі әзірге ресми мәлімдеме жарияламады.