Бүгінде елімізде 6,9 млн-нан астам бала тұрады.
«Қазақстан балалары» тұжырымдамасына 1,3 триллион теңге қаржы қарастырылған
www.istockphoto.com
160
оқылды
Елімізде 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күні дәстүрлі түрде атап өтіледі. Бүгінде елімізде 6,9 млн-нан астам бала тұрады және олардың құқықтарын қорғау мәселесі мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы басым бағыттардың бірі саналады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Аталған жұмыс жаңа Конституцияда бекітілгендей, балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу қағидатына негізделген, ал мемлекеттің басты міндеті – отбасылар үшін балалардың дені сау болып өсуіне, сапалы білім алуына және өздерін қауіпсіз сезінуіне мүмкіндік беретін сенімді әрі қолайлы жағдай жасау.
Бұл бағыттағы басты құжат ретінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтай қорытындысы бойынша берген тапсырмасына сәйкес қабылданып, Үкімет бекіткен 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы айқындалды.
Бағдарлама 158 іс-шараны қамтиды, ал оны жүзеге асыруға жалпы көлемі 1,3 трлн теңге қаржы қарастырылған. Құжат аясындағы жұмыстар білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және қауіпсіздік сияқты негізгі бағыттар бойынша жүргізілуде.