Құтқарушылар ер адамға сақинаны шешіп алуға көмектесті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оқиға Қарағанды қаласында болды. 1975 жылы туған ер адамның саусағын сақина қатты қысып қалып, ол оны өздігінен шеше алмаған. Осыдан кейін ол құтқарушылардан көмек сұраған.
Шақыруға жедел келген ТЖМ құтқарушылары слесарлық құралдарды пайдалана отырып, ісінген саусақтан сақинаны абайлап шешіп берді.
Егер сақина шешілмесе, денсаулыққа қауіп төндірмей, білікті көмекке жүгіну қажет екенін құтқарушылар еске салады.
