Қазақстан құрамасы бұл бәсекеде 14 медаль жеңіп алды.
Қазақстан күрестен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 14 медаль жеңіп алды
148
оқылды

Вьетнамның Дананг қаласында күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.

Қазақстан құрамасы бұл бәсекеде 14 медаль жеңіп алды.

Еркін күрес

Әділет Рысбай (71 келіге дейін) жарыс жеңімпазы атанды.

Мардан Орынбасаров (60 келіге дейін) күмістен алқа тақты.

Ал Сабыржан Рахатов (51 келіге дейін), Темірғали Мұрат (55 келіге дейін), Әділбек Ерболатов (80 келіге дейін), Нұрислам Айтуған (92 келіге дейін) қола медальға ие болады.

Грек-рим күресі

Қуанышбек Жаңажол (51 келіге дейін), Мирас Махамбет (65 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алды.

Арыстан Темерғали (110 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды.

Әли Алмас (45 келіге дейін), Датқа Лесбек (48 келіге дейін) үшінші орын алды.

Әйелдер күресі

Інжу Баққожа (46 келіге дейін), Арайлым Көпжасар (53 келіге дейін) күміс медальға ие болды.

Аянат Мейнамбай (49 келіге дейін) қола жүлде жеңіп алды.