Әлеуметтік желіде әнші Мөлдір Әуелбековаға буллинг жасалынып жатқаны туралы ақпарат тарады, - деп жазды Aikyn.kz.
Әнші тыңдарманға үн қатып, қазіргі жағдайын айтты. Өнер иесі қазір гастрольдік сапармен ән кешін өткізіп жатқанын жеткізді. Ұзақ үзілістен кейін ән сапарға шыққан әнші концерті ойдағыдай өткенін айтты.
«Осы жылғы гастрольдік сапарымнан бір үзік ой. Жеті жылдық үзілістен кейін (3 жыл карантин, 4 жыл декрет) қайтадан өңірлерді аралап, халықпен жүздесуге бел будым. Бұл шешімнің артында тәуекел де, толғаныс та болды, шешім оңай берілмеді. Осыдан 15 жыл бұрын гастрольге шығып жүргенде техникалық мүмкіндіктердің тапшылығын жиі сезінетінбіз. Сапалы дыбыс аппаратурасы сирек, заманауи әрі көрікті мәдениет сарайлары аз болатын. Бүгінде жағдай мүлде өзгерген. Қай қалаға барсаң да, барлық жағдай жасалған: жеке гримерлік бөлмелер, кәсіби техникалық жабдықтар, көрермендерге арналған жайлы кіреберістер мен ыңғайлы орындықтар бар. Қысқасы, уақытпен бірге өңірлер де өзгерген. Бүгінде мәдениет ошақтарының деңгейі жоғары, көрерменнің талғамы өскен. Концерттің, әншінің қарасы көп, бәрі халыққа сүйікті. Мұның бәрі қуантады, шабыттандырады ғой», - деді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
