Былтыр Нұрсейіт Жылқышыбай жүргізетін "Уақыт көрсетеді" YouTube арнасында актер Дархан Мұсаевтың сұхбаты жарияланды.
Дариға Бадықова сотта жеңіліп қалды
Фото: Youtube/Dina Tolepbergen
194
оқылды

Заңгер Инга Иманбай актриса Дариға Бадықованы сотта жеңіп шыққанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

Оның айтуынша, сотта актрисаның талаптары тағы да қанағаттандырылмаған. 

«Біз сотта Дариға Бадықованы жеңдік. Бұл істе мен журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың өкілі ретінде қатыстым және оны толық қорғап шықтым. Дариға ханымның соттағы талабы қандай болды? 2025 жылғы 4 қазандағы YouTube-тағы сұхбатты шындыққа сәйкес келмейді деп тану, видеоны өшіру, айтылған сөздер үшін жария түрде кешірім сұрату, 1 000 000 теңге моральдық зиян өндіру, 2 500 000 теңге заңгерлік шығынды және 802 128 теңге сараптама ақысын өндіріп беру. Яғни материалды жою, журналист пен экс күйеуін жауапкер ету, кешірім сұрату және 4 миллион теңгеден астам қаржыны өндірту туралы талап қойылды. Сот бұл талаптардың барлығын толық қанағаттандырусыз қалдырды», - деді заңгер.

Айта кетейік, былтыр Нұрсейіт Жылқышыбай жүргізетін "Уақыт көрсетеді" YouTube арнасында актер Дархан Мұсаевтың сұхбаты жарияланды. Актер Дариға Бадықовамен ажырасу себебін, отбасы туралы айтқан.

Сұхбаттан кейін актриса, продюсер Дариға Бадықова бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаевтың үстінен арыз түсірген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.