«1001 түн» студиясында «Astana Opera» театрының солисі Расул Жармағамбетов қонақта болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әнші көпшілікті опера театрына шақырып, бұл өнердің қыр-сыры туралы айтты.
«Опера әншілерінің дауысы 20-қабатқа дейін жетеді. Қойылым кезінде сахнада микрофон қолданылмайды, сондықтан жанды дауысымыз 2000 көрерменге анық естілуі керек. Көпшілік операны ең қымбат өнер түрі деп ойлайды. Сондай-ақ операға келуге жүрексінетіндер де бар», - деді ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
