Қазір оны елге қайтару мәселесін қарастырып жатыр.
Блогер Қайсар Қамзаға қатысты жаңа дерек шықты
174
оқылды

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікпен халықаралық іздеуге жарияланған блогер Қайсар Қамза Вьетнам аумағында қамауда отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның айтуынша, қазір қазақстандық тарап блогерді елге қайтару мәселесін қарастырып жатыр.

"Қолда бар ақпаратқа сәйкес, бұл азамат Вьетнам аумағында қамауда отыр. Қазір оны экстрадициялау мәселесі қарастырылуда. Экстрадиция Бас прокуратураның құзыретіне кіреді, осы орган тарапынан тиісті мәлімдеме жасалады", – деді Ерлан Жетібаев брифингте. 

Айта кетейік, сәуір айында іздеуде жүрген Қайсар Қамзаның Вьетнамда ұсталғаны хабарланған еді. Полицияның мәліметінше, блогер әлеуметтік желілерде онлайн-казиноға қатысты жарнамалық бейнероликтер жариялап, қолданушыларды құмар ойындарға тартқан. Соның нәтижесінде 100 млн теңгеден астам заңсыз табыс тапты деген күдікке ілінген болатын.