Еске салсақ, зауыттағы жарылыс 5 мамыр күні таңертең болған. Комиссия тергеуді әлі аяқтамағанымен, қайғылы оқиғаға технологиялық процестің бұзылуы немесе адами фактор екі ықтимал себеп деген болатын.
"Қазцинк" зауытындағы жарылыстың себебі айтылды
www.istockphoto.com
165
оқылды

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов бүгін өткен Үкімет отырысында Өскемендегі зауыттағы жарылыстың неден болуы мүмкіндігін айтты,  деп хабарлайды Aikyn.kz

Оның айтуынша, қаза болған жұмысшыларға қатысты екі ірі апат – "Востокцветмет" шахтасындағы және "Қазцинк" зауытындағы оқиғалар бойынша тергеу жалғасып жатыр.

"Салалық сарапшыларды тарта отырып, тиісті сараптамалар мен зерттеулер тағайындалды. "Востокцветмет" шахтасындағы апаттың алдын ала себептері – тау-кен жұмыстарын жобалық құжаттаманы бұза отырып жүргізу және өндірістік жұмысты ұйымдастырудың қанағаттанарлықсыз деңгейі. Ал "Қазцинк" зауытындағы жарылыс алдын ала мәлімет бойынша технологиялық процестің бұзылуынан болған", – деді ол.

Министр бұған дейін аталған нысандарда өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу фактілері анықталғанын айтып өтті. Айтар болсақ:

техникалық құжаттамалардың талаптарға сәйкес келмеуі;

техникалық құрылғылардың пайдалану мерзімін ұзартуға қатысты сараптамалардың болмауы;

жобалық құжаттамадан ауытқулар;

өндірістік бақылаудың әлсіздігі;

тозған жабдықтарды уақытылы ауыстырмау.

"Тергеу аяқталғаннан кейін кәсіпорынға қатысты тиісті шаралар қабылданады", – деп атап өтті ТЖМ басшысы.