Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев жалақысы отбасын асырауға жететінін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Министр тілшілердің "Сіздің айлығыңыз отбасыңызды асырауға жете ме?" деген сұрағына жауап берген.
Оның айтуынша, айлығы күнкөрісіне жетеді.
– Жетеді. Былтыр маған осындай сұрақ қойылды. Менің 4 балам бар. 1 млн 200 мың теңге айлық аламын. Қазір екі балам өсіп, бөлек шықты. Қолымда қызым мен кішкентай бала бар. Жұбайым жұмыс істемейді. 3 жастағы баланы қарап отыр. Айлық жеткілікті. Өзімізде де несиеміз бар, – деді министр Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.
