Павлодар облысы Екібастұз қаласында бесінші қабаттан құлаған бір жасар сәбидің ахуалы ауыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Екібастұз қаласындағы көпқабатты үйде терезенің алдында ойнап отырған сәби төменге қарай ауып кеткен. Бала жедел ауруханаға жеткізілген.
Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Оның басы жарылып, кеудесінен жарақат алып, сүйектері сынған. Мамандар ата-аналардан баласын ашық терезе маңына қараусыз қалдырмауды сұрайды.
Екібастұз ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Николай Мартыненконың айтуынша, былтыр Павлодарда алты бала биіктен құлап қаза тапқан.
– 2025 жылғы бала түсті. Бүгінде баланың жағдайы ауыр. Жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде емделіп жатыр. Түрлі жарақат алған", – деді ол.
