Елімізде жолаушылар үшін жаңа цифрлық қызмет іске қосылды.
Пойыздың қай жерде келе жатқанын енді онлайн көруге болады
222
оқылды

Енді пойыздардың қозғалысын нақты уақыт режимінде онлайн бақылауға мүмкіндік бар, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, жолаушылар вокзалға бармай-ақ пойыздың қай жерде келе жатқанын алдын ала тексере алады. Ол үшін tablo-railways.kz сайтында «Пойыздар қозғалысының онлайн-таблосы» сервисі іске қосылған.

Жаңа қызмет арқылы пайдаланушылар картадан пойыздың нақты орналасқан жерін көріп, келу және жөнелту уақытын нақтылай алады. Сондай-ақ маршрут бойындағы станциялар тізімімен танысып, аялдау ұзақтығын және соңғы бекетке жетудің болжамды уақытын білуге мүмкіндік бар.

Сервисті пайдалану үшін tablo-railways.kz сайтына кіріп, қажетті пойызды таңдау жеткілікті.

Онлайн-табло жүйесі жолаушылар пойыздарына орнатылған GPS-трекерлерден келіп түсетін деректер негізінде жұмыс істейді.