Өнер иесі «Парасат» орденімен марапатталған әкесі Қанат Айтбаевты құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді.
«Маған үлгі болып келеді»: Димаш Құдайберген әкесін құттықтады
Фото: kanat_sveta_aitbayevtar / Instagram
225
оқылды

Халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялады, - деп жазды Aikyn.kz.   

Өнер иесі «Парасат» орденімен марапатталған әкесі Қанат Айтбаевты құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді.

Сонымен қатар әкесі жылдар бойы мәдениет саласында аянбай қызмет етіп келе жатқанын атап өтті.

«Құрметті ағайын, бүгін ағатайым Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының жарлығымен «Парасат» орденінің иегері атанды. Бұл марапат – оның көп жылғы қажырлы еңбегінің, өз ісіне деген адалдығының және қазақ мәдениетін әлемге таныту жолындағы зор еңбегінің лайықты бағасы. Ол жылдар бойы қазақ халқының бай мәдени мұрасын, өнері мен рухани құндылықтарын халықаралық деңгейде насихаттауға аянбай еңбек етті. Оның елге деген сүйіспеншілігі, еңбекқорлығы, даналығы мен ұстанымдары әрдайым маған үлгі болып келеді. Ағатайыма зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығын және ел игілігі жолындағы еңбегіне толағай табыс тілеймін», - деді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.